Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың жай нұсқасы A A+ A++

Текелі кәсіптік
колледжі

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Сатпаев көшесі, 66 үй
Директордың блогы

«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК

 жетекші халықаралық ұйымдармен серіктестігі туралы ақпараты 

 

Текелі кәсіптік колледжі бірнеше жылдар бойы Ресей Федерациясының Томск политехникалық университетінің Юрга технологиялық институтымен байланыс орнатып келеді. 2014 жылы оқу орындары арасында тәжірибе алмасу мақсатында оқу-әдістемелік жұмыс бойынша өзара қарым-қатынас туралы келісім шарт жасалды. 

Аталған қарым-қатынас колледж бітірушілеріне жоғары оқу орнында машина жасау мен металлургия секілді техникалық мамандықтар бойынша тегін оқуды жалғастыруға мүмкіншілік береді. Қазіргі уақытта колледждің 16 түлегі аталған инситутта техникалық мамандықтар бойынша білім алуда.

Биылғы оқу жылында іс-шарасының аясында Ресей Федерациясының Томск политехникалық университетінің Юрга технологиялық институтының қара металлургия кафедрасының меңгерушісі, техникалық ғылымдардың кандидаты Александр Александрович  Сапрыкин колледж студенттеріне «Дәнекерлеу өндірісінің даму болашағы» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

Колледж ұжымы тек жетекші халықаралық ұйымдармен ғана емес, сонымен қатар аймақтың жоғары оқу орындарымен де қарым-қатынас орнатуда үлкен мүмкіндіктер бар деп санайды. Сондықтан, 2015 жылдан бастап И.Жансугуров атындағы  Жетісу мемлекеттік университетімен тығыз байланыс орнатылған. Экономика кафедрасының оқытушысы Шалашова Расима Хасановна  колледж студенттері арасында өткізілген «Ең үздік саяхат ұйымдастырушысы», «Ең үздік қонақ үй қызметкері»  атты байқауларға төрелік етті.

Денисова Юлия Анатольевна  - ТIKA Туркия Республикасының  үкіметі жанындағы түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Астана қаласында  өткізілген «Туризм инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы аясында «Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсету және ұйымдастыру» курсынан өтіп, тәжірибе алмасып келді (1 сурет).

 

 

 

«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК

дуалдық оқытуды енгізуде әлеуметтік серіктестікті ұйымдастыру туралы мәліметі

 

«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚКәлеуметтік серіктестіктермен өзара әрекеттестікжүйесінде жұмыстар атқаруда. Осындай байланыстардың арқасында колледжде екінші жыл 1114000 - «Дәнекерлеу ісі» мамандығына дуалдық оқыту жүйесі енгізілді.

Оқу жылының басында 5 өнеркәсіп – серіктестіктермен келісімшарт жасалды:   «Электромарганец» ЖШС, «ТГПК» ЖШС, «ТЭК» ЖШС,«Текелі су құбыры» ШЖҚ МКҚК,«Crindstone» ЖШС, өндірістік тәжірибелерден өтуге  оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары келісілді.

Биылғы оқу жылында «Альфа Микс» ЖШС-мен үшжақты келісімшартқа қол қойылды. Осы оқу жүйесі бойынша оқитын студенттер аталған серіктес –кәсіпорындарға бірінші курстан бастап тәжірибеден өтуге жіберіліп,  өндірісте жұмыс орындарына және еңбекке деген қарым-қатынасқа бейімделеді, бұны студенттердің кәсіби дағдылармен іскерлікті меңгеріп жатқандары туралы тәжірибе қорытындысының есеп күнделіктерінен байқауға болады.  (1 сурет)

Дуалдық оқыту жүйесіне қатысу мамандарды сапалы дайындауға серіктес–кәсіпорындардың жауапкершіліктерін арттыруға септігін тигізді десе болады. Оған дәлел ретінде айтар болсақ, «Текелийский горно-перерабатывающий комплекс» ЖШС жыл сайын колледждің  дәнекерлеу  шеберханасына металл беру арқылы студенттердің кәсіби дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруға көмегін тигізіп отыр.

Колледжде «Әлеуметтік серіктестер күнін» өткізу дәстүрге айналды. Бұл шара аясында биылғы жылы кәсіпкерлер палатасының және серіктес – кәсіпорындардың өкілдерімен бірлесіп,  дуалдық оқыту жүйесінің ерекшеліктерін тағы бір мәрте талқыға салынып, туындаған қиыншылықтардан шығу жолдары қарастырылды. (2, 3 сурет).

Колледж ұжымы жұмыс берушілермен тығыз байланыста болу мақсатында осы іс-шараны өткізу барысында  студенттердің-болашақ аспаздар және шаштараздардың шебер-класстарын өткізді. (4 сурет).

Оқу орнының кәсіпорындармен сапалы әлеуметтік серіктестігі болмаса, жұмыс берушінің болашақта қалайтын мақсаттарына  жету қиынға соғады. Сондықтан, колледж  ұжымы әлеуметтік серіктестіктермен өзара қарым-қатынастың жаңа формаларын іздестіруге үнемі күш жұмсайды. Мәселен, оқу жылының басталуына арналған салтанатты лездемеде тәжірибенің үздік жетекшілерін алғыс хаттармен марапаттау, кәсіпорындардағы заманауи жабдықтармен таныстыру мақсатында өткізілетін шебер-класстар,  тәжірибе жетекшілерімен сауалнама жүргізу, кәсіби шеберлік байқауларына өндіріс мамандарын шақыру секілді және тағы басқа шаралар өткізу арқылы тығыз байланыс орнатылуда. (5 сурет, 6 бейнефильм 1)

Бизнес - класс  өкілдерімен тығыз байланысты орнатуға Текелі қаласының және Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы ықпал етеді. Мәселен, кәсіпкерлер палатасының белсенді қатысуымен өндірістік оқыту шебері  Ж.Н. Абдуалиевтің «Азия Авто»  қазақстандық автоқұрастыру зауытында 1201000 - «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»  мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылды. (7 сурет)

Жылдан жылға жоғары білікті мамандарды оқыту ісіне бесленді қатысуға дайын  кәсіпорындар саны артып келе жатыр, оған жасалған келісімшарттар дәлел бола алады.  

(1 диаграмма)

1сурет.  Жұмыс берушілермен жасалған келісім-шарттар саны

Барлық кәсіпорындарда студенттерді өндірістік тәжірибеден өту кезінде оқытатын тәлімгерлер бекітілген. (8 сурет, 2 бейнефильм)

Әлеуметтік серіктестіктермен осындай тығыз серіктестікте болу бітірушілердің жұмысқа орналасуларын арттыруға  ықпалын тигізеді, ал бұл қазіргі таңда өте маңызды болып табылады. (2 диаграмма)

 

                                    2сурет. Бітірушілердің жұмысқа орналасуы

 

 

 

 
 

© 2013 «Текелі кәсіптік колледжі»

Текелі қ., Сатпаев көшесі, 66 үй

8 (728 35) 4 11 96

info@tekelipk.kz

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala