Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың жай нұсқасы A A+ A++

Текелі кәсіптік
колледжі

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Сатпаев көшесі, 66 үй
Директордың блогы

Жаңалықтар

"Текелі кәсіптік колледж" МКҚК "Әділет" студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен өткен, "Менің болашақ мамандығым" атты Эссе жазу бауқауының жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен және де дипломдармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Талдықорған қаласында 2003-2004 жылғы қыздар мен ұлдар арасында бокстан, Алматы облысының чемпионаты өтті, 46 келі салмақта "Текелі кәсіптік колледжі" МКҚК студенті Бытымбай Дархан 2 орынға ие болды. Бытымбай Дарханды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

"Текелі кәсіптік колледжі" студенті Дарын Құлжабаев, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында бокстан ересектер арасында өткен халықаралық турнирінде алтын медаль иеленді. Болашағынан үлкен үміт күттіретін талантты түлектің әрдайым жеңістің тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз..!

"Әділет" суденттік өзін-өзі басқару ұйымы, "Ардагерлерді ардақтайық " акциясы аясында , Ұлы жеңістің 76-жылдығына орай, ҰОС ардагерлері М.А.Тыщенконың үйіне барып қал жайын сұрап, үй шаруасына көмек көрсетіп қайтты.

Текелі қаласы жастар ресурстық орталығы, "Жас Отан" ЖҚ Текелі қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткен, "Мемлекеттік тіл мәртебеміз" тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасында өткен онлайн өлең оқу байқауында, І орынды "Текелі кәсіптік колледжі " МКҚК, САҚӨМ-50 тобының студенті Готфрид Полина Александровна иеленді. Жеңісіңіз құтты болсын!

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" атты Үздік ұран мен эмблема байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Наурыз мейрамы қарсаңында қазақ халқының ұлттық, дәстүрлі тағамдарына арналған топтар арасында онлайн байқау жарияланған болатын. Байқау қорытындысы бойыншаНаурыз мейрамы қарсаңында қазақ халқының ұлттық, дәстүрлі тағамдарына арналған топтар арасында онлайн байқау жарияланған болатын. Байқау қорытындысы бойынша

ООГХ-47 топ жүлделі I-орын,

ПМ-53 топ жүлделі II-орын,

П-54 топ жүлделі III-oрын иеленді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 25 наурыз дипломдармен және де бағалы сыйлықтармен марапатталады!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!.

18.03.2021 жыл. "Шымырлық пен шеберлік күніне" орай "Текелі кәсіптік колледжі" МКҚК білім алушылары арасында тоғыз құмалақ пен шахматтан жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Ұлтық спорт ойындарынан озат болған студенттер бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.

"Текелі кәсіптік колледжі" МКҚК-да колледждің Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары Малаева. А.Т кеңес мүшелеріне жылдық кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, ағымдағы жылға міндеттер қойылды. Сондай-ақ, отырыс барысында колледждің 50 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспары талқыланды. Отырыс соңында колледжді институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу кезеңінде сараптама тобының құрамындағы белсенді жұмысы үшін Вишняков Рустам Конашевич алғыс хатпен марапатталды.

"Текелі кәсіптік колледжі" МКҚК директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мирзабергенова мен "Саналы ұрпақ " клубының жетекшісі С.Курбаналиевтің ұйымдастыруымен, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында " Жемқорлықсыз жас буын" тақырыбында білім алушылар арасында сауалнама өткізілді."Текелі кәсіптік колледжі" МКҚК директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мирзабергенова мен "Саналы ұрпақ " клубының жетекшісі С.Курбаналиевтің ұйымдастыруымен, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында " Жемқорлықсыз жас буын" тақырыбында білім алушылар арасында сауалнама өткізілді.

© 2013 «Текелі кәсіптік колледжі»

Текелі қ., Сатпаев көшесі, 66 үй

8 (728 35) 4 11 96

info@tekelipk.kz

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala